ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің жас педагогтерінің шығармашылық жұмысы
02-06-2022 10:11
Қала мектептерінің жас педагогтерінің шығармашылық жұмысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 20 - 26 мамыр аралығында өткізілген «Педагогикалық дуэт - 2022» қалалық байқауының қорытындысын шығарды. Мақсаты - тәлімгерліктің беделін арттыру, педагог-тәлімгерлерді көтермелеу және жас мамандарды қолдауға педагог-тәлімгерлердің елеулі жеке үлесін тану. Байқауға 1-ші жыл жұмыс істейтін № 2, 11, 14, 16, 21, 29, 37, 39, 41 жалпы білім беретін мектептердің 9 жас педагогтері және № 1, 14 балабақшалардың 2 тәрбиешісі және олардың тәлімгерлері қатысты.

 Қалалық іріктеу турдың комиссиясы педагог + тәлімгердің «Педагогикалық дуэт» командасының ұсынған «Менің білім берудегі бастамам», «XXI ғасырдың заманауи педагогі» эссесі, педагогикалық қызмет кезеңінде қол жеткізілген кәсіби нәтижелер туралы Е-портфолио жобалары бойынша тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша педагогикалық қызметті жобалау қабілетін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 16 лицей-мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі София Юрьевна Четверик, тәлімгері Гүлнара Еркінқызы Казкенова және № 1 балабақшаның тәрбиешісі Ризагүл Ербалайқызы Мукушова, тәлімгері Меруерт Тілектесқызы Апешева иеленді.

II орынды № 41 ЖОМ математика пәнінің мұғалімі Ткешева Эльнура Муратовна, тәлімгері Калиева Розангүл Еркенқызы, № 14 мамандандырылған балабақшаның логопед мұғалімі Жанабаева Әйгеіим Аитбайқызы, тәлімгері Аманжолова Жанерке иеленді.

III орынды № 21 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Қасен Үмітжан Нұртайқызы, тәлімгері Оспанова Әсия Баяхметқызы иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары облыстық байқаудың іріктеу кезеңіне жіберілді.