ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың 670-тен астам оқушы үздік сынып үшін жарысты
03-06-2022 16:32
Қаланың 670-тен астам оқушы үздік сынып үшін жарысты

   Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылы бойы «Үлкен үзіліс - 2022» қалалық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Мақсаты - ұжымда жұмыс істей білу, өзін-өзі жүзеге асырудағы шығармашылықты дамыту, шығармашылық іс-әрекет процесінде дарынды балаларды қолдау.

   Жыл сайынғы жобада № 1, 5, 6,7, 9, 14, 16, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 38, 43, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, М. Әлімбаева, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп оқушыларының 30 сыныбы қатысты, ұжым құрамында 7 бағыт бойынша 670-тен астам оқушы бар.

 І кезеңде қатысушылар белгілі телевизиялық музыкалық-шығармашылық «Дәлме дәл» бағдарламасының сахналық пародия конкурсына қатысты. ІІ кезеңде қатысушылар «Біздің мектеп елі» бейнематериалын ұсынды - сыныптың мектеп өміріне қатысуы, сынып қоғамдастығының жұмысына жеке үлесі, сценарийдің бірегейлігі, сөйлеу және материалды безендіру.

   Кем емес қызықты III кезең «Ойлан ! Ойла! Жаса!» - ата-аналармен бірге вокалдық, би байқауларына, түрлі тағамдар дайындауға қатысты.

   2022 жылдың 21 қаңтарында «Біз әр түрліміз» фотоколлаж байқауының IV кезеңінде ұлттық киімдердің таныстырылымын және сынып өміріндегі қызықты жағдайлары өтті.

   2022 жылғы 5 ақпанда байқаудың V кезеңінде «Біздің жұлдыздар» презентациясы - оқушылардың қызығушылықтары бойынша жан-жақты шығармашылық қабілеттерін көрсету өтті.

   2022 жылғы 17 наурызда тимбилдингте «Ең спортты сынып» VI кезеңінде - кедергілері бар түрлі спорттық жарыстарға қатысу, қара жорға биін орындау, «Барлығы Қазақстан туралы» конкурстарға қатысу.

   VII кезеңде 2022 жылдың 22 сәуірінде «Шығармашылық жолмен» бейнефильмдер көрмесінде финалдық турға дейін жеткен № 26, 29, 43 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, М. Әуезов атындағы мектеп, № 38 ЖОМ сыныптары өз жұмыстарын көрсетті. Финалистер «Үлкен үзіліс - 2022» жобасына қатысудың барлық кезеңінде өздерінің бейне-фильмдерін таныстырды. Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтады-сұхбат, репортаж, бейнеклип.

   2022 жылдың 2 маусымында Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Үлкен үзіліс – 2022» жеңімпаздары марапатталды. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша бас жүлдені  №43 ЖОМ 9 сынып оқушылары жеңіп алып, ауыспалы кубок иегері атанды. І дәрежелі дипломмен М. Әуезов атындағы мектептің 5-сынып оқушылары, ІІ дәрежелі дипломмен №26 ЖОМ 6-сынып оқушылары, №29 ЖОМ 8-сынып оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен №38 ЖОМ 9-сынып оқушылары, Кенжекөл ЖОМ 8-сынып оқушылары марапатталды. Барлығы «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.