ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларына арналған бейнелеу өнері бойынша шебер-сағат
03-06-2022 16:59
Қала оқушыларына арналған бейнелеу өнері бойынша шебер-сағат

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Қазақстан балалары жылына арналған іс-шаралары жоспары шеңберінде 2022 жылғы 3 маусымда № 1 ЖОМ-да бейнелеу өнері бойынша «FAMILY  АRT» шебер-сағаты өтті. Мақсаты - балалардың қызығушылықтары бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, балалар шығармашылығын насихаттау, жазғы кезеңде ата-аналармен бірлесіп бос уақыттарын ұйымдастыру. Павлодар қаласының білім беру бөлімі балалар көркемсурет мектебімен, қаланың жалпы білім беретін мектептерімен бірлесіп аталған шараның ұйымдастырушы болып табылады.

Қатысушылармен пленерлық бөлім Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушылары және педагогтетімен 5 бағыт бойынша өткізілді:  «Сәндік түйе» - графика, акварельмен жұмыс, «Киіз үй» - акварельмен, шаммен жұмыс, «Күзгі пейзаж» - акварельмен, тұзбен жұмыс, «Қызғалдақтар» - акварельмен жұмыс, «Су астындағы әлем» - акварельмен, маркермен жұмыс. Қала мектептері оқушыларының ата-аналарымен жалпы қамтылуы 100-ден астам адамды құрады.

- Біздің шебер-сағат «Мұғалім - оқушы» және «Ата-ана - бала» форматында өтеді, өйткені біз ересектер мен балалар шығармашылығының маңыздылығын, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын көрсеткіміз келді. Ата-аналар мен балалардың бірлесіп құрылуы балаларға әртүрлі психологиялық кедергілерді жеңуге көмектеседі және балалар мен ата-аналарға көптеген жағымды эмоциялар әкеледі және оларды қуанышқа бөлейді. Ата-аналар үнемі балаларымен бірге болу керек, - дейді балалар көркем сурет мектебінің жетекшісі Ләйлә Мүкәрамқызы Мағзамова.

Көркем суретті орындау барысында оқушылар ата-аналарымен бірге шығармашылықты көрсетті, түрлі материалдармен - акварель және тұз, сия және сабынмен жұмыстарды көркем орындау сияқты дағдыларды алды.

Іс-шарада көркем сурет мектебінің оқушылары «Сотворчество» көрмесінде өз жұмыстарын ұсынды. Жұмыстардың авторлары, республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше жеңімпаздары мен жүлдегерлері, акварель техникасында сурет салу технологиясымен, гуашьпен жұмыс жасауда өздерінің жетістіктері туралы таныстырды, бейнелеу өнері бойынша білімдерімен бөлісті.

- Акварель техникасымен алғаш рет педагог Светлана Владимировна Кравченко көрсетті және ол кісі маған көркемсурет мектебіне түсуге кеңес берді, - дейді БКМ 2-сынып оқушысы Осипов Роман. Екі жыл бойы мұғалім Светлана Евгеньевна Рейнмен бейнелеу өнерінің алфавитін үйренудемін және бірге түрлі байқауларға қатысамын.