ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Би шайқасы
08-06-2022 10:29
Би шайқасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жас» жазғы бағдарламасы шеңберінде балалардың бос уақытын өткізудің 17 жобасы әзірленді. 1 - 25 маусым аралығында мектеп жанындағы лагерлердің балалары «Жаз - лайф бағыты бойынша», «Отбасынан лайфхак», «Әуе шарларының фестивалі», «Құм қиялы», «Асфальтта сурет салу байқауы», «Би миксі», «Өз қолдарымен жасаған гүлдер», «Көңілді старттар» атты үздік ұжым атағы үшін байқаулар мен жарыстарға қатысады.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында кезекті ауқымды би баттлы өтті. Павлодар қаласының 33 жалпы білім беретін мектебінің 290 бишісі «Әсем билер» байқауында өз билерін ұсынды және музыкамен би композицияларын көрсетті.

- Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымды біріктіру және, әрине, ең жақсы мектеп би ұжымын анықтау мақсатында өткізіледі. Байқаудың міндеті - бір биге бірнеше жанрды қосу керек, яғни, үнді, орыс халық билерін - дейді орталық жетекшісі Ақмарал Люлятқызы Мұхаметжанова.

Байқау қорытындысы бойынша 23 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 2, екінші орын - 6, үшінші орын - 23 және «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Кенжекөл мектебінің командасы «Жанашыл билер», № 34 мектептің командасы - «Өнерлі балалар», № 11 мектептің командасы - «Шебер ырғақ» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

«Заманауи би миксі» биін жақсы орындағаны үшін № 35 мектептің командасы және «Көңілді гномиктер» биін ырғақпен орындағаны үшін № 39 мектептің командасы I орын иегерлері атанды.

II орынды № 16, 17, 19, 29, 43, М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары, III орын - № 6, 14, 15, 16, 18, 21, 24, 25, 26, 33, Қ. Мақпалеев, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді.

- Біз өзбек, қазақ билерін, соңында тиктокты орындадық, - дейді № 33 мектеп оқушысы Әли Назерке.

Мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші аусымы 25 маусымда аяқталады, осы уақытқа дейін оқушылар түрлі ойын-сауықтарға және байқаудың бағдарламаларына қатысатын болады.