ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың үздік кітапханалары
08-06-2022 15:31
Республикалық байқаудың үздік кітапханалары

Қазақстан Республикасының үздік кітапханасына арналған «Jaña Kıtaphana - 2022» II республикалық байқауы 2022 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында онлайн режимінде «Облыс», «Қала», «Бір қала», «Аудан орталығы», «Ауылдық кітапхана», «Университет кітапханасы», «Колледж кітапханасы», «Мектеп кітапханасы» санаттары бойынша өтті. Мақсаты-кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін қолдау және шығармашылық бастамаларын ынталандыру, инновациялық қызметті дамыту, жалпыға қолжетімді кітапханалардың жаңа идеялары мен жұмыс түрлерін ілгерілету, кітапханалардың беделін, олардың әлеуметтік мәртебесі мен маңыздылығын арттыру. Байқаудың ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласының «Өрлеу» білім беру және мәдениетті дамыту қоры» ҚБ болып табылады.

Облыстың іріктеу кезеңінде қатысушылар кітапхана кеңістігінің ұйымдастырылуын, материалдық-техникалық базасының жай-күйін, ғимараттың фотосуреттерін, кітапхана интерьерлерін, ақпараттық стендтерді, безендіру элементтерін, кітапхана туралы пайдаланушылар мен әлеуметтік серіктестердің «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы», «Заманауи кітапхана», «Қазақстандағы балалар жылы», «Атаулы және есте қалатын күндер күнтізбесі», «Өлкенің тарихи тұлғалары», «200 жыл «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасы», «Біздің кітапханаға қош келдіңіз», «Еркін номинация» номинациялары бойынша пікірлерін сипаттайтын көрнекі материалдарды ұсынды. Республикалық екінші тур - бас жүлде, 1, 2, 3 орындар бойынша үздік өткізілетін іс-шаралардың шығармашылық жаңалығы мен өзектілігін, жұмыстың инновациялық нысандары мен әдістерін қолдануды, жұмысты ұйымдастырудағы жүйелілікті, бағдарламалар мен байқауларға табысты қатысуды, кітапхананың жобалық және бағдарламалық қызметін, БАҚ-пен жұмысты ұйымдастыру бойынша байқау жұмыстарын бағалау.

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің кітапхана қызметкерлері байқауға белсенді қатысып, мектеп кітапхана жұмысының қызметін тиісті деңгейде көрсете алды. Байқау қорытындысы бойынша 4 номинациядан 6 жүлделі орынға ие болып, тиісті үлгідегі «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қорының Алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.

«Біздің кітапханаға қош келдіңіздер!» номинациясы бойынша бас жүлдені М.Әлімбаев атындағы ЖОМ кітапхана меңгерушісі Алкенова Татігүл Кенесбайқызы, I орынды М. Әуезов атындағы ЖОМ кітапхана меңгерушісі Жүнісова Гүлзира Еркінқызы, II орынды № 37 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Амренова Сауле Қажыбекқызы алды.

«Өлкенің тарихи тұлғалары» номинациясы бойынша ІІ орынды № 40 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Байкенова Бақытгүл Қайырқызы және кітапханашы Жақсыбаева Нағима Сағындыққызы иеленді.

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы» номинациясы бойынша II орынды № 21 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Шахманова Ақбота Жазкенқызы иеленді.

 «Еркін» номинациясы бойынша І орынды № 34 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Ануфриева Марина Октябриновна иеленді.

  - Менің оқырмандарым үшін бүгінгі кітапхана - шығармашылық және ғылыми жұмыс үшін барлық жағдай жасалған нағыз ақпараттық орталық. Кітаптар шабыттандырады және ынталандырады, бұрын болжанбаған әлемді қабылдаудың жаңа қырларын ашуға көмектеседі. Оқуға деген сүйіспеншілік балалық шақтан басталуы керек. Дәл сол кездегі оқуға деген қызығушылық адаммен өмір бойы болады. Балалар мұнда келуді, кейде жай отыруды, тіпті өз мәселелерін талқылауды ұнатады. Оларға бұл жерде ыңғайлы, - дейді бас жүлденің иегері Тәтігүл Кеңесбайқызы.