ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәуренде жазғы маусым ашылды
09-06-2022 09:42
Балдәуренде жазғы маусым ашылды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «ЭТНО КЭМП» жазғы маусымы ашылды. Бірінші ауысымда 1 - 11 маусым аралығында 10 - 16 жас аралығындағы 114 оқушы дем алады. Жазғы кезеңде 6 маусымда 600-ден астам баланы қамту жоспарлануда. Тегін жолдамалар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жеңілдікті жолдамалар - аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, оқуда жетістіктері бар балаларға, жарыстардың, олимпиадалардың, түрлі байқаулардың жеңімпаздарына беріледі. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді өткізу.

Лагерьде болған кезеңде оқушыларға демалыс және сауықтыру ұйымдастырылады. Орталықпен этномәдени, тарихи-өлкетану, көркем-эстетикалық тәрбие, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, шығармашылық қабілеттерін қызығушылықтары бойынша дамыту, этникалық халықтардың тілдерін, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша оқу-танымдық сабақтар өткізу қарастырылған.

Жұмыс жоспарына сәйкес жазғы ауысымдарда «Сәлем, Әлем!», «Таныс боламыз» ойын түрінде қазақша, украин тілінде, шешен-ингуш, беларусь, татар-башқұрт тілдерінде сөйлесе алатын станциялар бойынша квест-ойындардың көмегімен этнолингвистикалық бағытқа ерекше көңіл бөлінеді. Балдәурен дем алған балалар ауысым бойы әртүрлі тілдік ойындарға, Қазақстан халқының билерін үйрену бойынша шебер-сағаттарға, спорттық ойындарға, зияткерлік-танымдық викториналарға, байқауларға, қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатысады, орталықтың медицина қызметкерінің қатысуымен тақырыптық әңгімелесулерге, кәмелетке толмағандардың істері бойынша полиция қызметкерлерімен дәрістерге қатысады. Экскурсиялар, дискотекалар ұйымдастырылады.

Орталықтағы оқу-сауықтыру жұмыстары Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебімен, қаланың жалпы білім беретін мектептерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Естай атындағы қалалық мәдениет үйінің жастарымен жұмыс жөніндегі «Домовята» театр шеберханасының ұжымымен кездесулер өтеді.

Оқу жылы бойы оқу-сауықтыру орталығында өткізілген 16 маусымда қаланың 878 оқушысы денсаулықтарын жақсартып, дем алды.