ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас математиктердің республикалық турнирдегі біріншілігі
10-06-2022 21:07
Павлодарлық жас математиктердің республикалық турнирдегі біріншілігі

«Бастау» XV республикалық математикалық турнирде мықтылар атағы үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен, Нұрұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 2 - 4 сыныптардың 117 оқушысынан тұратын 39 команда жарысты. Турнир 2022 жылдың 6 - 10 маусымында Алматы қаласында өтті. Мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы балалардың математикалық қабілеттерін дамыту және қолдау, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда білімдерін көрсету. Павлодар облысының командасы құрамында 3 оқушы болды, дарынды балаларға арналған № 8 мамандандырылған лицей-мектебінен - 2 қатысушы және Павлодар қаласының № 39 ЖОМ 4 сынып оқушысы Роман Власов болды.

Қатысушылар 3 турдан - командалық сынақтар «Әу, баста!», «Асық» және «Математикалық бәйге» ауызша жеке сынақтардан өтті. Турнирдің ерекшелігі ерте мектеп жасынан бастап тапсырмаларды ұжыммен шешуге, бір-бірімен шешім нұсқаларын ақылдасуға үйренеді. Жеке есепте тапсырмаларды шешу кезінде өз шешімін ауызша негіздеді.

Турнир қорытындысы бойынша облыс командасы I орынға ие болды. Жеке есепте Власов Роман II орын алды. Ол математика пәні бойынша «Бастау» олимпиадасына 2-сыныптан бастап қатысып, қалалық, облыстық кезеңдерде жеңіске жетті. Республикалық деңгейде бұл оның алғашқы жеңісі. Павлодар командасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының I дәрежелі дипломымен, Роман ІI дәрежелі дипломымен марапатталды.