ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының жазғы демалысы
13-06-2022 14:58
Қала оқушыларының жазғы демалысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2022 жылғы жазғы демалыс кезеңіне арналған жұмыс жоспарына сәйкес 1 - 10 сынып оқушыларының жалпы санынан 41450 оқушыны демалыспен, бос уақытын және жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқу жылының соңында 1 - 10 сыныптар контингенті 45975 оқушыны, оның ішінде 1 - 4 сыныптар 23440 оқушыны құрады. Демалыстың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық түрлерін ұйымдастыруға ағымдағы жылы бюджеттен 22 млн.теңгеден астам қаражат көзделген.

«Жаз - 2022» жазғы науқанында 39 мектепте ұзақтығы 15 күн болатын 2 маусымда күндізгі болумен мектеп жанындағы лагерьлер ашылды. Мектеп жанындағы лагерьлер жалпы 20 мыңнан астам оқушыны қамтитын 1 - 4 сынып оқушылары үшін жұмыс істейді, бұл 60%-ды құрайды. Мектеп жанындағы лагерьлердің 1-ші маусымы 1 - 21 маусым аралығында өтеді, 2-ші маусым 22 маусым мен 12 шілде аралығында өтеді. Мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылар 3 рет тамақпен қамтамасыз етіледі. Жолдама құны бір балаға 13,5 мың теңгені немесе күніне 900 теңгені құрайды (2021 жылы - 9000 теңге, 2020 жылы - 9000 теңге, 2019 жылы - 7440 теңге).

Жазғы науқанды өткізуде әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Қамқоршылары бар отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (100%) және аз қамтылған отбасылардың балалары (50%) жергілікті бюджет қаражаты есебінен демалыспен және сауықтырумен қамтылатын болады. Мұндай балалардың саны 2964 оқушыны құрайды.

Балалардың мектеп жанындағы лагерьде болуы бекітілген жұмыс жоспарларымен регламенттелген, олардың жұмыс істеуіне қарай кинотеатрлармен, мұражайлармен, театрлармен, бассейндермен бірігіп жұмыс жасау жоспарлануда. Оқушылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында бейінді жасақтар ашылды, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «ЗАҢ» және «ЛиД» мектептері жұмысын жалғастырады, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Жанұя» жобасы іске асырылады. Жазғы ауысым бағдарламасында спорттық, сәндік-қолданбалы, көркемдік-эстетикалық бағыттағы іс-шараларды өткізу көзделген.

Жұмыспен қамту аясында 8 - 9 сыныптардың 540 оқушысы (2021 - 772, 2020 - 330, 2019 - 607) қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасақтардың жұмысына жұмылдырылады. 4 сағаттық жұмыс күні кезінде 15 күннің орташа жалақысы 24,3 мың теңгені құрайды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жалақы т-леуге 16,3 мың теңге бөлінді. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 518 оқушы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, «Жаз - 2022" шомылу маусымында адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарын орындау үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімі  мен қала және ауылдық аймақтың жағажайларында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық педагогтері қатарынан күнделікті патрульдеу кестесі әзірленді. Халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында әңгімелер жүргізіліп, балалардың судағы қауіпсіздігі туралы буклеттер таратылады. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында және білім беру мекемелері мен әлеуметтік желілерде су қоймаларының жанында болу қауіпсіздігі туралы бейнероликтер орналастырылды.

Оқушылар жыл сайын мектептен тыс мекемелерге қызығушылықпен барады. 8 қосымша білім беру ұйымдарында 5-9 сынып оқушылары үшін бейіндік лагерьлер ашылды. 2022 жылдың маусым-тамыз айларында Мичурин ауылындағы «Балдәурен» қала сыртындағы оқу-сауықтыру орталығында 900 бала демалады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар лагерьде тегін демалады. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушыларға жолдамаларды жалпы білім беру қаражаты есебінен облыстың жалпы білім беретін мектептері сатып алатын болады. Өткізілген іс-шаралар қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелер балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік факторлардың балаларға теріс әсерін төмендету, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасау тәуекелдерін төмендету болып табылады.

26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін ата-аналардың өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылды.