ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар оқушыларының шығармашылығындағы әуе шарларының фигуралары
14-06-2022 11:31
Павлодар оқушыларының шығармашылығындағы әуе шарларының фигуралары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың   дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жаз» жазғы кешенді бағдарламасы шеңберінде 2022 жылғы 13 маусымда № 7 мектеп стадионында әуе шарларынан үздік фигураға «Әуе шарларының фестивалі» қалалық шығармашылық байқауы өткізілді. Мақсаты - шығармашылық қабілеттерді қолдау, логикалық ойлауды қалыптастыру, еңбек және кәсіби тәрбие. Қаланың 33 жалпы білім беретін мектептерінің 1 - 8 сыныптарының 342 оқушысы қатысты.

Байқау төрт номинация бойынша өткізілді. 10 адамнан тұратын командалар таңдалған номинациялардың бірі бойынша өтетін жерде композициялар жасады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Шарлардың ең үлкен композициясы» номинациясында - түрлі тақырыптарға көлемді композиция жасау. I орын «Күн шуағы» композициясы үшін № 25 мектептің командасы, II орын «Балашақ» композициясы үшін Б. Момышұлы атындағы мектептің командасы, III орын «Радуга» композициясы үшін № 18 мектептің командасы иеленді.

«Әуе шарларының костюмі» номинациясы бойынша I орынды № 5 мектеп командасы, II орынды № 24 мектеп командасы, III орынды Қ. Мақпалеев атындағы мектеп командасы иеленді.

«Шарлар шоғыры» номинациясында шарлардан түрлі гүлшоқтар жасағысы келетіндер көп болды. I орынды гүл шоғы үшін № 26 мектеп командасы, II орынды № 14, 19, 34 мектеп командалары  қызғалдақ, шегіргүл гүлшоқтары үшін, III орынды № 7, 15, Қ. Бекхожин атындағы мектеп командалары алқаптың лалагүлдері, пиондар, көкнәр гүлшоқтары үшін ие болды.

«Ертегі-мультфильм кейіпкері» номинациясында қатысушылар барынша қиялын көрсетті, әуе шарларының кейіпкерлері бар көріністер ұсынылды. I орын «Клоун-ромашка» қойылымына Жетекші мектебінің командасы, II орын - № 29, 38 мектептің командалары колобок қойылымдары және заманауи мультфильм кейіпкерлері Спанч Боб, Миньондар, III орын - № 1, 43 мектептердің командалары «Үш мысық» қойылымдары үшін иеленді.