ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың асфальтта салған көркем шығармалары
14-06-2022 12:26
Оқушылардың асфальтта салған көркем шығармалары

Қазақстанда балалар жылын мерекелеу аясында «Жаз, балалық шақ және отбасы» атты асфальтта 3Д сурет салу қалалық байқауы өтті. Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубымен бірлесіп аталған шараның ұйымдастырушысы болды.

- Байқаудың мақсаты оқушыларды қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамту, шығармашылық пен қиялын дамыту, қаланың 26 жалпы білім беретін мектебінің 800-ден астам балалары қатысты, - дейді Гайнутдинова Динара Расыққызы, «Жігер» клубының әдіскері.

Қатысушылар тақырып бойынша композицияларды асфальтқа салуға үлкен ықыласпен қарады, түрлі-түсті қарындаштар, аксессуарлар мен киім-кешектерді қолдана отырып, шығармашылық пен қиял көрсетті. Жұмыс аяқталғаннан кейін командалар өз жұмыстарын таныстырды.

«Жер бетіндегі бейбітшілік пен достық» жұмысы үшін бас жүлдені № 25 ЖОМ командасы иеленді. «Менің тату отбасым», «Біздің көңілді сынып», «Әкем, анам, мен - тату отбасы» жұмыстары үшін I орынды № 35, 41, 37 мектеп командалары иеленді.

«Жаз және ыстық күндер», «Алақай! Демалыс», «Шуақты жаз» жұмыстары үшін ІІ орынды № 14, 34, 39 мектеп командалары, III орынды «Біздің сүйікті ауламыз», «Жазға саяхат», «Мектеп - біздің отбасымыз»  жұмыстары үшін  № 2, 24, 22 мектептердің командалары иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командалар тиісті үлгідегі дипломдармен, қалған командалар байқауға қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.