ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ақындар шығармашылық жұмысты қорытындылады
15-06-2022 09:30
Жас ақындар шығармашылық жұмысты қорытындылады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және дарынды балаларды дамыту орталығымен  «Ertis Мedia» ЖШС-да «Жас ақын» және «Жас айтыскер» мектептерінің жұмысын қорытындылады. Мектептің мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, классиктердің шығармаларын оқуға деген қызығушылығын ояту, әдеби тілде өз пікірін еркін білдіру дағдыларын дамыту.

«Павлодар дарыны» орталығындағы мектеп 2022 жылдың ақпан айында ашылды. Мектептерде аптасына 1 рет жалпы білім беретін мектептердің 5 - 9 сыныптарының 30 оқушысы білім алды № 1, 2, 7, 38, 41, Момышұлы атындағы мамандандырылған гимназия, дарынды балаларға арналған № 10 Абай атындағы гимназия. «Жас ақын"мектебінде  сабақты «Найзатас» әдеби-көркем журналының жауапты хатшысы Еламан Қасенұлы Қабділәшім, «Жас айтыскер» мектебін  «Pavlodarnews.kz»  «Ертіс Медиа» ЖШС ақпарат агенттігінің журналисі Оразбек Саяхат жүргізді.

        Қорытынды сабақта «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбішев экскурсия ұйымдастырып, «Найзатас» журналының, «Сарыарқа самалы», «Звезда прииртышья», «Павлодарские новости», «Pavlodarnevs» газеттерінің редакция ұжымымен таныстырды.  «Pavlodarnews.kz» бас редактордың орынбасары Роза Мұстафина оқушыларға порталдың жедел жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Облыстық «Saryarqa Samaly» газетінің редакциясында газеттің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев газеттің жұмысымен және ұжымымен таныстырды. Оқушылар редакцияның компьютерлік орталығында болып, газет қалай шығып жатқанын көрді. Облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясында бас редактор Владимир Долгушевпен кездесу өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде оқушылар «Ertis Media» ЖШС директорының орынбасары Жұмабек Смановпен және «Naizatas» журналының бас редакторы Асыл Әбішпен  кездесті.

        Еламан Қасенұлы мен Оразбек Саяхат павлодарлық  жас ақындар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Жас ақын» мектебінің оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстары туралы айтып берді. Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы Бақпай Дінмұхаммед балалар Жылына арналған «Менің Қазақстаным, менің болашағым» атты өлеңін оқыды, № 7 мектеп оқушысы Асыл Бекболат Тәуелсіздікке арналған өлең оқыды, № 2 мектеп оқушысы Ерасыл Ықсатов үш тілде жазылған өлеңдерді оқыды. № 38 мектеп оқушылары Сейфолла Хамит, Ердамыс Дәуржан, Айдана Хунафия, Мұнар Хуаныш оқыған шығармалары туралы айтып берді.

      Кездесу қызықты және тартымды өтті, оқушылар өздерінің алдағы шығармаларының тақырыптарына мотивация алды. «Павлодар дарыны» орталығы жас ақындарға қаланың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз шығармаларынан «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты кітапшасын табыс етті.