ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс жағалауында өткізілетін қала оқушыларының құм қиялдары
15-06-2022 10:05
Ертіс жағалауында өткізілетін қала оқушыларының құм қиялдары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жаз» жазғы жобасы шеңберінде 2022 жылғы 14 маусымда төменгі жағалауда «Жазғы жағажайдағы ғажайыптар» қалалық жазғы байқауы өткізілді. Мақсаты - көркемдік әлеуетті және шығармашылық ойларын дамыту, таза ауада қызықты бос уақытты, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қалалық жағажайдың көркем жағалауында № 1, 2, 5, 7 , 9, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 28 , 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 37 , 41, 43, Қ. Макпалеев, Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы, М. Әуезов, Кенжекөл, Жетекші  мектептерінің 671 оқушысы қамтылған 34 әр түрлі жастағы командалар қатысты.

- Биыл біздің «Жайдарлы жаз» жазғы жобамыз өз жұмысын бірінші маусымнан бастады және 25 маусымға дейін қала мектептерінің оқушыларымен бірге түрлі іс-шараларды өткізетін болады. Ертіс жағалауында тағы да «Құм қиялы» атты өте қызықты жарыс өткіземіз, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының жетекшісі Ақмарал Махаметжанова.

Өздерінің қиял шығармаларында қатысушылар құмнан ежелгі қалалардың мұнараларын, заманауи аквапарктер мен океанариумдарды жасап, монументалды құмырсқа қаласын салды. Қатысушылар өздерінің құмды ғимараттарын өте әдемі жасап, өздерінің көркемдік идеялары туралы қызықты айтты. 60 минуттық еліктіретін жұмыс байқалмай өтті.

- Мен гипстен, ермексаздан, саздан мүсіндеумен айналысамын. Бүгін мен құммен жұмыс істеу мүмкіндігімді сынап көрдім. Қамалды жасадым, менің қолымнан келді, керемет болды, маған ұнады, оның үстіне бос уақыт таза ауада, сүйікті Ертіс жағасында ұйымдастырылды, - дейді № 34 мектептің 6 сынып оқушысы Жібек Ибрагимова.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

I орынды № 14 мектептің «Shark» командасы «Спанж боб», «Осьминог» жұмысы үшін, Б.Момышұлы атындағы мектептің «Күншуақ» және Жетекші ЖОМ «Египет пирамидасы» жұмысы үшін, 25 ЖОМ «Тұран» командасы «Король сарайы» жұмысы үшін иеленді.

II орынды № 2, 5, 9, 15, 23, 29, 32, 34, 36, Қ.Мақпалеев, № 16 лицей-мектебінің командалары, III орынды №1, 7, 11, 17,18, 19, 21, 24, 26, 28, 30, 33, 35, 37, 41, 43, Қ. Бекхожин, М. Әуезов, Кенжекөл мектебінің командалары иеленді. «Жайдарлы жаз» жазғы жобасы жалғасуда.