ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала әкімінің дарынды балалармен кездесуі
15-06-2022 18:15
Қала әкімінің дарынды балалармен кездесуі

Оқу жылының қорытындысы бойынша зияткерлік қызмет саласында өзін көрсете білген, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда өңірдің атын шығар жас дарындарды құрметтеу дәстүрге айналды. Кездесу ашық диалог форматында өтті, оған халықаралық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар байқауларының 34 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты. Салтанатты іс-шара 2022 жылғы 15 маусымда № 25 мектепте Павлодар қаласының әкімі Асаин Қуандықұлы Байхановтың қатысуымен өтті.

Қала басшысымен кездесуде олимпиада қатысушылары қолжеткізген жетістіктері, болашақ жоспарлары туралы айтып, оларды қызықтырған сұрақтарды қойды. Қала әкімі өз сөзінде балалар жылында мектеп оқушыларын олардың жетістіктері үшін құрметтеу өте маңызды екенін атап өтті, өйткені балалардың бүгінгі жетістіктері ел болашағын құратын жаңа буын мамандарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады деді.

Қаланың құрама командасы 20 жылдан астам уақыт бойы «Үздік қалалық олимпиада командасы» атағын растап келеді және 31 медаль иегері болып табылады, оның ішінде 5 алтын, 14 күміс және 12 қола.

Республикалық олимпиадаларда оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды. Облыс намысын республикалық деңгейде облыстық команда құрамында қала мектептерінің 12 оқушысы қорғады. Марапатталғандар қатарында Қазақстан тарихы бойынша алтын медаль иегерлері № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз, құқықтану негіздері бойынша - № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Борецкий Богдан, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Рослякова Хава, орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Яковец Анастасия, неміс тілі бойынша № 39 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мартенс Мила.

Республикалық пәндер олимпиадасы бойынша 7 медалист бар. Қазақстан тарихы бойынша № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз және орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Вакулина Диана алтын медальмен марапатталды. Күміс медаль иегерлері құқық негіздері бойынша № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Борецкий Богдан және география бойынша № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Әбілхан Әлімхан болды. Физика пәні бойынша № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Артықбай Ернар, биология пәні бойынша № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Березина Дарья, құқық негіздері бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрболат Аружан қола медальға ие болды.

Халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауларында Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида физика пәні бойынша алтын және күміс медальмен марапатталды. Информатика пәні бойынша № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юревич Семен, тіл білімі пәні бойынша № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Яковец Анастасия қола медальмен марапатталды.

ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында № 19 мектептің 9 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасыл қола медальға ие болды.К.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Дүйсембаева Томирис қола медальға ие болды.

Барлық қатысушылар Павлодар қаласы әкімінің алғы сөзімен және 100 мың теңге сомасындағы сертификатпен марапатталды. Кездесуге келген қатысушылар арнайы дайындалған «Уақыт сандықшасы» сандығына болашаққа деген өз тілектерін білдірді.