ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері түлектерінің салтанатты мерекесі
16-06-2022 11:43
Қала мектептері түлектерінің салтанатты мерекесі

Жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған «Түлек - 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты іс-шара 2022 жылғы 16 - 17 маусымда Павлодар қаласының 37 жалпы білім беретін мектебінде өтті.

Биылғы11 сыныптың түлектер саны 1450 оқушыны құрайды, оның ішінде 46 түлек ерекше үлгідегі «Алтын Белгі» аттестаттың иегері болып табылады және 66 түлек мектепті үздік аттестатқа бітірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Түлек - 2022 - Жаңа Қазақстандық ертеңі» бітіру іс-шарасын өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірледі.Тұжырымдамаға сәйкес 11 сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде тапсыруға арналған мереке жалпы білім беретін мектептерде өтті.

Іс-шарада мектепті бітіргені туралы аттестаттарды салтанатты тапсыру, түлектердің, мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттер, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, ЖОО өкілдерінің, ата-аналардың, жұртшылықтың құттықтау сөздері болды.