ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Едігей оқуларының қорытындысы
16-06-2022 16:50
Облыстық Едігей оқуларының қорытындысы

«Едіге оқулары»  байқауының   облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары, байқаудың   қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Павлодардан  № 20, 40, 41 мектептерінің  3 оқушысы қатысты. Оқу 2022 жылдың 16 маусымында дарынды балаларға арналған «Жас дарын» облыстық мамандандырылған мектебінде өтті. Ұйымдастырушы облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Кереку билер  алқасы» ҚБ.

Байқау  ережесіне сәйкес 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 41 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласының 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Едіге би туралы эссе жазды, барлығы 12 оқушы қатысты, оның ішінде № 40 қала мектебінен 1 қатысушы. Тестке 17 оқушы қатысты, оның ішінде № 20 мектептен 1 оқушы. Қатысушылар 40 минут  ішінде  ұлы Едіге бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 40 тест тапсырмаларына жауап берді. Облыстың 12 оқушысы өздерінің  зерттеу жұмыстарын қорғады, оның ішінде № 41 қала мектебінен 1 оқушы.

Оқу қорытындысы бойынша павлодарлық үш қатысушы би туралы өз білімдерін көрсетті және басты жүлдеге ие болды.  Бас жүлдені № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір, I орынды № 20 лицей-мектебі 10 сынып оқушысы, Қайролла Елнұр иеленді.  № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Муханов Ерали алғыс хатпен марапатталды.

Қатысушылар облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру орталығының және «Кереку билер алқасы» ҚБ кубогы, бас жүлде дипломы, I дәрежелі диплом, «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Қазақтың көрнекті биі» кітаптарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды және облыстық команда құрамында республикалық оқу кезеңіне қатысады.