ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың ата-аналарымен демалыс күні
17-06-2022 09:11
Балалардың ата-аналарымен демалыс күні

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жаз - 2022» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос уақытының  қамтылуын ұйымдастыру бойынша 6-шы жыл экология және туризм орталығында «Holiday» жазғы демалыс лагері жұмыс істейді. Мақсаты - отбасылық өмірдің рухани-адамгершілік негіздерін ашуға жағдай жасау, денсаулығын нығайту, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін және танымдық белсенділігін жүзеге асыру.

Жазғы лагерьдің маусымы 2022 жылдың 11 маусымында ашылып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бірінші сенбі күні  ата-анасымен бірге 50-ден астам оқушы қатысты. Олар үшін сирек кездесетін және экзотикалық өсімдіктер әлемімен танысу мақсатында орталықтың жылыжайына  экскурсия жүргізілді. Олардың жылыжайда 20-дан астам түрі бар. «Жас эколог» мұражайында Павлодар облысының флорасы мен фаунасымен танысу мақсатында танымдық экскурсия өтті. Содан кейін туристік-жаттығу соқпағы мен скалодромды өту бойынша шебер-сынып өткізілді. Соңында балалар мен ересектер командаларға бөлініп, экологиялық, биологиялық, шығармашылық, географиялық, спорттық, емдік, орнитологиялық станциялар - «Эко стиліндегі өмір» квест-ойынының қызықты кезеңдерінен өтті.

Одан әрі жазғы лагерь бағдарламасы бойынша әр сенбі сайын ата-аналарымен бірге балалар үшін экология бойынша іс-шаралар, туризм бойынша мастер-кластар өткізу жоспарлануда.