ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республика күніне арналған жас суретшілердің жұмыстарынан көрме
17-10-2022 10:40
Республика күніне арналған жас суретшілердің жұмыстарынан көрме

2022 жылғы 12 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес балалар көркемсурет мектебінде «Менің елім, менің жерім» көрмесі ашылды. Көрменің салтанатты ашылуына суретші, Павлодар облысы суретшілер одағының төрағасы Осербай Аманжолович Шуранов және Қазақстан Республикасы көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, суретші, Ерсин Каскиевич Такирбасов қатысты.

Көрмеге оқушылардың әртүрлі техникадағы 30 жұмысы, соның ішінде мектепті бітіруші сынып оқушыларының жұмыстары қойылды. Сонымен, Давид Смолиннің сәндік графика техникасы бойынша маркерлермен және гельді қаламдармен орындаған «Жібек жолы» және «Серуен» жұмысы, Анна Моторная мен Варвара Шайхутдинованың түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Ертіс туралы аңыз» жұмысы, Тоғжан Дүйсебаеваның акрил бояуларымен жасалған «Отбасым» туындысы.

- Әрбір сурет белгілі бір дәрежеде біздің еліміз, халқымыз, табиғатымыз, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениеті туралы баяндайды. Жұмыстар өте терең және әсерлі, - дейді ұстаз Алексей Балин көрме туралы өз пікірінде.

Көрмеде дәстүрлі емес материалдардан көлемді пластик техникасында жасалған жұмыстарды көруге болады. Көлемді пішінді жасау үшін оқушылар гофрокартон, фольга, сым, қағаз сүлгілер, ПВА желімі сияқты қарапайым материалдарды, ал безендіру үшін акрил бояуларын, бауларды, түрлі-түсті жіптерді пайдаланды. Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегінің пластикасын пайдалана отырып, әркімге таныс тұрмыстық бұйымдарды, пейзаж және сәулет элементтерін стильдеу арқылы жас суретшілеріміз Карина Авазбакова, 15 жаста, Милана Бейсембаева, 15 жаста, Мария Крысова, 15 жаста, тарихи сюжеттерді заманауи өнер туындыларына айналдыра отырып, қазіргі заманғы көзқарас призмасы арқылы ұлттық мотивтерді бейнеледі.

Шарада Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары Құрманғазының күйлері мен қазақ әндерін орындады.