ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы
20-10-2022 09:03
Қазақстан чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында павлодарлық қыздар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жартылай қорғаушы Аяжан Қожабекованың нәтижелі пасының арқасында жеңіске қол жеткізді. Бұл ұлттық құрамадағы дебюттік гол. Алаң иелері бір гол соққанына қарамастан, нәтиже өзгерген жоқ.

- Бір жыл бұрын мен саған сол аяғыңмен соққыны жасауды үйрену керек деп айттым. Мықты жартылай қорғаушы екі аяғымен шебер ойнау керек дедім. Екі айдан кейін Аяжан қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Екі аяғымен жойқын соққы береді. Стандарттарды өте жақсы орындайды. Өте еңбекқор қыз, - дейді Павлодардың «Ақсу» футбол орталығының қыздар командасының жаттықтырушысы.

Айта кетейік, «Ақсу» футбол орталығының ойыншысы Аяжан Қожабекова, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы, биыл Қазақстан чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы атағына ие болды. Естеріңізге сала кетейік, Аяжан Ксения Постова мен Қазбек Мамиленовпен бірге жаттығады. 2019 жылдан бастап «Ақсу U19» құрама командасының құрамында өнер көрсетіп, 9 жасынан бастап футболмен айналысады. 2021 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Хорватия, Литвада өткен «Еуро - 22» іріктеу матчтарында U17 Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Оның ойынының ерекшелігін Швейцария командасының бас бапкері атап өтті.