Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республика күніне арналған мерекелік концерт
22-10-2022 10:03
Республика күніне арналған мерекелік концерт

Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің жас музыканттары Республика күніне «Байтақ елім, Қазақстан!» атты мерекелік концертін оқушыларға, мектеп педагогтарына және ата-аналарға арнады. Бұл күні - 21 қазан, мектептің концерт залы домбыра, қобыз, скрипка, флейта, фортепиано және балалардың дауыстарына толы болды. Қазақстан туралы әндер, танымал қазақстандық композиторлардың халық әндері шырқалды.

Мерекелік концертті мектептің ансамбльдік ұжымдары ашты. «Сәлем Қазақстан» әнін хор сыныбының кіші тобы орындады. Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты «Серпін» фольклорлық ансамблі Қорғанбектің «Төрткүл түмені» шығармасын орындады. Сахнада алғаш рет «Фа мажорики» скрипкашылар мен флейташылардың бірлескен ансамблі өнер көрсетті. Олар Ш. Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең» шығармасын орындады.

Сахнада талантты жеке орындаушылар, түрлі деңгейдегі конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті. Сәрсембай Аиша, Оспанова Ясмин, Елтас Малика көрермендерді «Отан», «Самға», «Тек алға» әндерімен қуантты. Якименко Регинаның орындауында А.Толықпаевтың өңдеуінде қазақтың «Япурай» халық әні шырқалды. Ақан серінің «Балқадиша» шығармаларын қобызшылар триосы орындады.

Концертте мектеп педагогтары да өнер көрсетті. Сонымен, педагог Динара Серікқызы Ахмедьянованың орындауында Л. Жұманованың «Багатель» шығармасы орындалды. Мерекелік концертті «Sunrise» вокалдық ансамблі Теміровтың сөзіне, Е. Бекболатовтың әніне жазылған «Туған жер» әнімен аяқтады.

- Талантты жас музыканттардың жарқын костюмдердегі өнер көрсетулері жайлылық, мерекелік көңіл-күй атмосферасын қалыптастырды. Аталмыш концерт барлық қатысушылар үшін өз елі, Тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш күні болды, - деп атап өтті мектеп педагогы, «Sunrise» вокалдық ансамблінің жетекшісі Ксения Владимировна Миронец.