ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Күзгі демалыста қала оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру
28-10-2022 18:23
Күзгі демалыста қала оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес күзгі демалыс күндері 2022 жылғы 29 қазан мен 6 қараша аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 45 мыңнан астам оқушысы үйірмелерде, клубтарда, қызығушылықтары бойынша спорт секцияларында жұмыс істейді, қаланың мектептері мен мектептен тыс ұйымдарында түрлі іс-шараларға қатысады.

Мәселен, 8 мектептен тыс мекемеде, 17 аула клубында 18500-ден астам бала қамтылатын болады. Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылар музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық іс-шаралар мен сабақтарға, экскурсияларға, спорттық жарыстарға қатыса алады. Ж. Аймауытов атындағы театрға, Чехов атындағы драма театрына, кинотеатрларға, қала мұражайларына, түрлі көрмелерге бару ұйымдастырылады. Қаланың мәдениет мекемелерінде 5000-нан астам оқушылар бос уақыттарын өткізе алады.

Жалпы білім беретін мектептерде «Менің Отаным - Қазақстан» викториналарын, спорттық ойындар бойынша шеберлік сағаттар, білгірлер турнирлерін, көңілді старттарды, «Салауатты денеде, салауатты рух» эстафеталарын, оқушылар мен жас педагогтер арасында волейболдан командалардың бірлескен жолдастық кездесулерін өткізу жоспарланған.

Күзгі демалысы күндері № 9, 17 мектеп оқушылары Астана, Алматы қалаларына, «Бурабай» курортына таныстыру экскурсиясымен барады.

«Қамқорлық» акциясы аясында волонтерлердің қатарындағы мектеп отрядттары жалғыз тұратын қарт адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетеді.

«Павлодар дарыны» балаларды жұмыспен қамту және дарындылықты дамыту орталығында мектептегі демалыс күндері 100-ден астам дарынды оқушылар жұмыс істейтін дебат мектебі, жүргізушілер мектебі, жас ақындар мектебі жұмыс істейтін болады.

Балалар экология және туризм орталығы Баянауыл ауданына «Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» көшпелі туристік-өлкетану практикумын жоспарлады. Мектептегі демалыс күндері 500-ден астам оқушы орталық аумағындағы жылыжайға, «Жас биолог» мұражайына барады. «Сютур» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері альпинизм алаңында шеберлік сабағын көрсетеді.

31 қазаннан бастап «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында «Күзгі марафон», «Күзгі бал», «Біз - Қазақстанның болашағымыз» КТК іс-шаралары өтеді.

Күзгі каникул кезеңінде жалпы балалар мен жасөспірімдердің 90% бос уақыты ұйымдастырылады.