ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сабақты тиімді жоспарлау әдістемесі бойынша вебинар
31-10-2022 10:17
Сабақты тиімді жоспарлау әдістемесі бойынша вебинар

«Жас маманның кәсіби - тұлғалық қалыптасуы» жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп 2022 жылғы 26 қазанда ZOOM платформасында «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында вебинар өткізді. Мақсаты - жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, мақсат қою дағдыларын, рефлексивті дағдыларды жетілдіру, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты тиімді жоспарлау әдістерін қолдану. Тренингке биылғы жылы қаланың орыс және қазақ тілдеріндегі жалпы білім беретін мектептеріне қызмет істеуге келген 120-дан астам жас мамандар қатысты.

Модераторлар: Нұрахметова Шолпан Саменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі, Бибігүл Жамбылқызы Нығметова, жаттықтырушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қайыржан Сағынтайұлы Әлмағамбетов, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері.

Вебинарда диалог түрінде мұғалімдер сабақты жоспарлаудың тиімділігіне, интерактивті сыныптың ерекшеліктеріне әсер ететін факторларды анықтауға, жаңартылған білім беру мазмұнының аспектілерін бағалауға, сыни ойлау стратегияларын қолдануға үйренді. Қатысушыларға сабақты тиімді жоспарлауды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

Педагогтердің кері байланысы өткізілген іс-шараның маңыздылығын көрсетті. Қатысушылар жан-жақты білімді интеграцияламай, әдістемелік қорды оқытудың жаңа құралдарымен толықтырмай оқыту мүмкін еместігіне көз жеткізді. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестте орналастырылған және жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.