ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептердегі заманауи менеджмент көшбасшылары
31-10-2022 12:26
Қала мектептердегі заманауи менеджмент көшбасшылары

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Заманауи менеджмент көшбасшысы» облыстық байқауының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Мақсаты-педагогикалық қызметтегі үздік тәжірибелердің инновациялық тәжірибесін, балаларды тәрбиелеу саласындағы жаңа педагогикалық әдістемелерді, технологияларды тарату, кәсіби шеберлік пен еңбек беделін арттыру және қолдау. Басшылардың оқу жұмысы, бастауыш білім беру, тәрбие жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іріктеу кезеңі үшін байқауға қатысушылар белгіленген нысан бойынша электрондық өтінімді ресімдеді, e-portfolio порталына байқау материалдарының электрондық нұсқасын енгізді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері арасынан құрылған комиссия мүшелеріне конкурстық жұмыстарды қарау және бағалау үшін e-portfolio порталына қолжетімділік берілді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын анықталды.

І орынды М. Әуезов атындағы ЖОМ оқу жұмысы және бастауыш білім беру жөніндегі басшының орынбасары Безрукова Юлия Алексеевна иеленді.

II орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары Оспанова Ильмира Ерғанқызы, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы басшысының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Темірова Жанна Қайыргелдіқызы иеленді.

 III орынды Байжұманова Әсем Сапарбекқызы, № 11 ЖОМ ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары, Байзақова Айнагүл Олжыбайқызы, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебі басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.