ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиадалық резерв мектебіндегі оқушыларға арналған сабақтар
01-11-2022 08:59
Олимпиадалық резерв мектебіндегі оқушыларға арналған сабақтар

Күзгі каникул кезеңінде 31 қазаннан бастап Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Алтын сын» мектебінде сабақтар басталды. Мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Сабаққа облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері қатарынан 8 - 11 сыныптардың 118 оқушысы қатысады.

Олимпиадалық резерв мектебіндегі дайындық қазақ және орыс тілдерінде 15 пән бойынша өтеді - математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын, неміс, француз тілдер, Қазақстан тарихы.

Мектеп 5-ші жыл жұмыс істейді. Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, облыстық олимпиадалар мен байқаулардың оқушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері толықтырылады. Сабақтарды жоғары оқу орындарының оқытушылары, олимпиадалық жұмыс бойынша тәжірибесі бар мектеп мұғалімдері өткізеді.