ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
217 жас зерттеушілер өз жобаларын қорғады
02-11-2022 09:38
217 жас зерттеушілер өз жобаларын қорғады

Дарынды жас зерттеушілерді қолдау, зияткерлік әлеуетті қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 31 қазанда № 25 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары байқауының қалалық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы.

Байқауда Қазақстан Республикасы ағарту министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша 39 жалпы білім беретін мектептің 7 - 10 сыныптарының 217 оқушысы өз жобаларын қорғады.

Байқауда 138 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын 22 оқушы, II орын - 55, III орын - 61 оқушы алды.

«Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» бағытындағы физика пәні бойынша «3D принтер мен ілеспе бағдарламаларды қолдана отырып, жел генераторына арналған қалақ үлгілерін әзірлеу» тақырыбындағы жоба үшін № 21 мектептің 10 сынып оқушысы Сапарғалиев Шыңғыс жеңімпаз атанды. Таңдалған тақырып энергетика саласында өзекті болып табылады. Ол 3D модельдеу бағдарламасын қолдана отырып, жел қозғалтқышының барлық бөліктерін өздігінен модельдеді. Ол ұзақ уақыт бойы 3D модельдеуді ұнатады және үйінде екі 3D принтері бар.

«Салауатты табиғи орта - «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырудың негізі» бағытында «Биология» секциясында № 34 мектептің 10 сынып оқушысы Бехтина Ангелина «Оқушының денсаулығына шу деңгейінің әсерін зерттеу» тақырыбында жоба ұсынды және I орынға ие болды. Жұмыста оқушы шу туралы, дыбыстық құбылыс ретінде, оның адам денсаулығына әсері туралы ғылыми және статистикалық деректерді зерттеді. Оның айтуынша, бізге қарапайым болып көрінетін дыбыстар біздің физикалық және психикалық денсаулығымызға айтарлықтай әсер етеді және есту қабілетін жақсарту мен оған теріс әсерді азайту бойынша ұсыныстар жасады. Ангелина жүзумен де айналысады.

Облыстық іріктеу кезеңіне 7 - 16 қарашада I, II орын алған 81 оқушының 76 жобасы ұсынылады.

Оқушылардың баяндамасының қорытындысы бойынша үздік мектептер анықталып, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды. № 37 мектеп жеңімпаз атанды, II орынды № 18, 21, М. Әлімбаев атындағы мектептер, III орынды № 11, 19, 25, Кенжекөл ЖОМ иеленді.