ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мың бала» облыстық байқауының жеңімпаздары
02-11-2022 09:40
«Мың бала» облыстық байқауының жеңімпаздары

Достық үйінде 28 қазанда «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының облыстық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Жобаның мақсаты - мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан жас ұрпақты, түрлі этникалық топтардың жастарын қолдау және ынталандыру. Сондай-ақ, жоба әдеби қазақ тілі мен қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттырады.

Байқау екі номинация бойынша өтті: «Өнер алда қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер». Жүлделі орындар үшін мемлекеттік тілді меңгерген және қалалық кезеңде жеңіске жеткен өзге ұлт өкілдерінің 13 оқушысы бақтарын сынады.

Байқау қорытындысы бойынша «Өнер алда қызыл тіл» номинациясы бойынша № 9 ЖОМ 10 сынып оқушысы Алина Бунина, М.Әуезов атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Айгюн Магаррамова II орынды, № 40 ЖОМ 10 сынып оқушысы Лейла Уажитова және № 24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Тамерлан Манзиев III орынды иеленді.

«Өнерлі өрге жүзер» номинациясында № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Вера Головчук, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы София Головчук II орынды,   № 6 ЖОМ 5 сынып оқушысы Диана Королева ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Оқушыларды байқауға дайындаған педагогтер де алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші орын алған оқушылар «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының республикалық кезеңіне қатысады.