ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалыптастырушы бағалау: мәселелер және шешу жолдары
02-11-2022 16:45
Қалыптастырушы бағалау: мәселелер және шешу жолдары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2022 жылғы 2 қарашада № 39 ЖОМ жоғары оқу орындары ғалымдарының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты филиалдарының жаттықтырушыларының, Павлодар, Астана қалаларының педагогикалық шеберлік орталығының қатысушыларымен «Қалыптастырушы бағалау: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында қалалық воркшопын өткізді. Воркшопта - практикалық жұмысқа баса назар аударылатын оқыту іс-шарасына қала мектептерінің 300-ден астам пән мұғалімдері, бастауыш сыныптың мұғалімдері, педагог-психологтер қатысты. Мақсаты - қалыптастыру шыбағалау мен туындайтын проблемалардың өзекті мәселелерін талқылау, осы проблемаларды шешу жолдарын іздеу, ғалымдардың, жаттықтырушылардың, педагог-шеберлер мен зерттеушілердің шеберлік сағаттарын егізінде жұмыс тәжірибесімен практикалық алмасу үшін диалог алаңынқұру.

Воркшоп қатысушыларымен 7 секция бойынша жұмыс жүргізілді. Секцияларда проблемаларды бағалау мен шешуге байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қаралды, жұмыс тәжірибесімен алмасу, шеберлік сағаттары өткізілді, қала мектептерінің шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдерінің педагогикалық зертханалары ұсынылды. Оқушылардың олқылықтарын жою, оқу жұмыс жоспарларына енгізілген өзгерістерді зерделеу және түсіндіру, күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды түзету, ТЖБ және БЖБ жүргізу мәселелері бойынша сындарлы диалог өтті.

 

Воркшоп қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағы шығарылды, ЖОО ғалымдарына, педагогикалық шеберлік орталығы мен білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының жаттықтырушыларына алғыс хаттар берілді.Ұсынылған практикалық жұмыс тәжірибесі үшін педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, әдіскерлер және қатысушылар сертификаттар алды. Воркшоптың жинағы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылды.