Павлодар қаласының білім беру бөлімі Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласының «ЮНЕСКО» балалар көркемсурет мектебі-клубында «Менің Қазақстаным» тақырыбында қалалық көркемсурет байқауын өткізді. Байқауға № 43, 9, 36, 14, 6, 2, 34, 40, 41, 24, 39, 11, 29, Қ. Бекхожин атындағы мектеп, № 16 лицей-мектебі, Жетекші мектебінің 100-ге жуық оқушылары қатысты. Мақсаты - патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін сақтау.
Суретші Сисенғали Тіленбаевтың төрағалығымен қазылар алқасы 7 - 9 жас, 10 - 13 жас, 14 - 17 жас аралығындағы 9 жүлделі орынды анықтады.
«Равнина» суреті үшін Нұрсая Сағнаева, 9 жаста, № 41 ЖОМ оқушысы, «Астана» суреті үшін - Бәкен Айару, 11 жаста, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ оқушысы, «Менің Қазақстаным» суреті үшін - Дарья Богомолова, 17 жаста, № 14 ЖОМ оқушысы байқау жеңімпазы атанды, олар гуашь және аралас техникада жұмыстарын орындады.
II орын Цыганко Варвараға, 9 жаста, № 34 ЖОМ оқушысы, Столярова Васелинаға, 13 жаста, № 36 ЖОМ оқушысы, Сидоренко Риммаға, 15 жаста, № 41 ЖОМ оқушысы берілді. Олардың «Гүлдей бер, Қазақстан!», «Жаңа күннің таңы», «Қазақстанның мақтанышы» жұмыстары фломастерлермен және гуашьпен орындалған.
III орынды Ержанова Еркежан, 7 жаста, № 11 ЖОМ оқушысы, Жақсылықұлы Абылайхан, 10 жаста, Валиханова Камила, 15 жаста, № 24 ЖОМ оқушылары иеленді. Олардың «Менің жерім», «Менің Қазақстаным» жұмыстары фломастерлер мен гуашьпен орындалған.
- Әр суретте біз бейбіт өмірді, бақытты адамдарды, Қазақстанның әдемі қалаларының бейнелерін көреміз. Өйткені, балалар айналасында нені көреді және өздерін қалай сезінетінін ғана бейнелейді, - деп атап өтті Сисенғали Тіленбаев.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің тиісті дәрежедегі дипломдарымен марапатталды.