ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту
03-11-2022 09:28
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту

Өңірде балалар мен жасөспірімдер туризмін жандандыру және дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 27 қазанда «Туристік-өлкетану қызметінің инновациялары мен технологиялары» аймақтық семинары өткізілді. Семинарды Павлодар қаласы білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы облыстық білім басқармасының аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар жұмысына Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Успен аудандарынан 40-тан астам дене шынықтыру мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары, үйірмелер, клубтар, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру мекемелері секцияларының басшылары қатысты.

Семинарда дене шынықтыру орталығы басшысының орынбасары Даин Кумусай Қайраққызы тыңдаушыларды облыстық туристік жарыстарды өткізу жоспарымен таныстырды. Экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубы педагогтарының жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Агалаков Сергей Николаевич «Су жорықтары. Түркістан облысы Сырдария өзені бойынша су жорықтарын өту тәжірибесінен» - су жорықтарына қатысу туралы, Ирина Валерьевна Ридзаускена - «Команданы тиімді дайындау негіздері» тақырыбында - туристік көпсайысқа қатысу туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Нөлден бастап ұйымдастыру. Бағдарлау бойынша жарыстарды дайындау және өткізу техникасы», «Қосымша білім беру жағдайында «педагог-бала-ата-ана» триадасы», «Оқу процесінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының психологиялық аспектілері» тақырыбындағы мәселелер де талқыланды.

Семинарға қатысушылар үшін «Лабиринт» қашықтығын қою және өту», «Арнайы жабдықтармен жұмыс, командалық сақтандыру элементтері»  тақырыбында  шеберлік сыныптарын өткізілді.

 

 Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар материалдары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.