ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрысын тәрбиелеу
03-11-2022 12:31
Балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрысын тәрбиелеу

Оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақыттарын қамтуға арналған Павлодар қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 қарашасы мен 4 қарашасы аралығында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Тәртіпті жаяу жүргінші» қалалық жобасын өткізуде. Бұл іс-шараның мақсаты - жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру.

Жобаға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 7 мен 15 жас аралығындағы оқушылары қатысуда. Команда 8 адамнан тұрады - 2 бала 7 - 8 жаста, 4 бала 10 - 12 жаста және 2 ата-ана. Жоба 3 кезеңнен тұрады - викториналар, көңілді старт, финал.

 1 қарашада 5 кезеңнен тұратын жобаның бірінші кезеңі өтті. 1-ші «Ширату» кезеңінде жылдамдыққа сұрақтар қойылып, дұрыс жауапты тез тапқан топ 1 ұпай алды. 2-кезеңде командаларға жол белгісін дұрыс құрастырып, мағынасын анықтау тапсырылды. 3-кезеңде жолда жүру ережелері бойынша күрделі сұрақтар қойылды. 4-кезең - жол белгісін дұрыс бояу және оның не үшін екенін түсіндіру. 5-кезеңде оқушылар жолдардағы кез келген әрекетке рұқсат етілген немесе тыйым салынғаны туралы сұрақтарға жауап беруі керек болды. Оқушылардың жалпы саны 400-ден асады.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша10 мектеп жарыстың жартылай финалына өтті. Олар № 6, 17, 21, 25, 29, 35, 37, 39, Әлімбаев атындағы орта мектеп және Р. Нұртазина атындағы орта мектеп.

Осындай іс-шараларды өткізу мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімдерін бекітуге, бағдаршамның негізгі қызметі туралы түсінік қалыптастыруға, оның сигналдары мен жаяу жүргіншілер ережелері туралы түсініктерін бекітуге мүмкіндік береді, - деді Гүлнар Қайыргелдіқызы Үйсінбаева.