ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
07-11-2022 09:33
Пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

«Кәсіби өзін-өзі анықтау және жас маманның қалыптасуы» жобасын іске асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі республикалық педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп № 7 ЖОМ «Мектепте сабақтарды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында семинар-практикумды өткізді. Мақсаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту талаптарына сәйкес сабақтарды жоспарлау, сабақтарда оқушылармен жұмыстың интерактивті түрлерін қолдануда әдістемелік қолдау көрсету. Семинарға мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін мектептердің 70-тен астам жас мамандары қатысты.

Семинарда Нұрахметова Шолпан Саменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскер, «ПроЛС» клубының басшысы, Ибраева Айман Рахымжанқызы, Мельникова Юлия Геннадьевна, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері, жаттықтырушылары сөз сөйледі. Жас мамандар зерттеу процесіне қатысып, оқушыларды оқу үдерісіне қалай тарту керек деген сұраққа жауап тапты, «кері дизайн әдісі» ұғымын ашты, заманауи сабақты жоспарлау критерийлерін қарастырды, пәндер бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес сабақ жоспарларын талдады. Қарым-қатынас жасау, күтілетін нәтижелерді бекіту үшін қауіпсіз, жайлы орта құру нұсқалары ұсынылды.

Рефлексиялық бөлім сауалнама және диалог түрінде өтті. Қатысушылар бүгінгі таңда білімді интеграцияламай практикалық қызметті ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Семинар материалдары электронды-әдістемелік дайджестте орналастырылып, жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.