ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің тәлімгерлік жұмыс тәжірибесі
18-11-2022 09:22
Мектептің тәлімгерлік жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 29 ЖОМ тәлімгерлер мектебінің «Педагогикалық ынтымақтастық, бастауыш мұғалімнің дербес педагогикалық қызметке бейімделу тиімділігі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Мақсаты - басшылықта әдістемелік көмек көрсету және жас мамандармен тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу. 40-тан астам тәлімгер мен биыл оқу жылында келген 80 жас маман қатысты.

Мектептің рекреациясында жас педагогтер мектебінің жетекшісі Ирина Станиславовна Мацевич, психологтер Ольга Васильевна Стулова, Динара Ертайқызы Мукушева қатысушыларға тәлімгерлердің ұйымдастырылуы мен қызметі туралы стендтік түсініктемені өткізді. Мектепте 14 жас педагог жұмыс істейді.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова «Тәлімгерлік кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы ретінде. Жас мамандармен жұмыс істеудің тиімді түрлерін таңдау» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 160 бұйрығын жұмыс барысында басшылыққа алуға ерекше назар аударды, тәлімгерлердің қызметін реттейтін құжаттар тізбесімен таныстырды. Тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттеріне - тәлімгерлерді қоса алғанда, кәсіби деңгей мен дағдыларды арттыру, жас мұғалімдердің кәсіби уәждемесін күшейту және тәжірибелі педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер беру есебінен кадрлар айналымын төмендету, ұжымның кәсіби ынтымақтастығын нығайту, тәлімгерлерді бекіту және олардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі талаптарға тоқталды. № 29 ЖОМ директорының орынбасары Әсемгүл Ермекқызы Мерканова өз сөзінде мектептегі тәлімгерлер мен жас мұғалімдердің жұмысы, бейімделу үшін жағдай жасау туралы айтып өтті. Қатысушыларға мектептің жас мамандарымен тәлімгерлер жұмысының оң тәжірибесі ұсынылды, 5 шеберлік сағаттар өткізілді.

 Тәлімгерлер мектебі педагогикалық хакатон түрінде өтті, оның модераторы педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары педагогика мектебінің оқытушы-зерттеушісі Утилова Айгүл Мұратқызы болды. Топтық жұмыста мақсат қою, жоспарлау мәселелері талқыланды, нақты ұсыныстар берілді, «Сәттілік баспалдағы» жасалды. Анна Викторовна Скляренко «GoogleSites сайт-портфолиосын 1 сағат ішінде қалай құруға болады» тақырыбында, Павлодар облысының білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісінің иегері Наталья Сергеевна Остапенконың «Табысқа жету жолы» атты шебер-сағаттыөткізді. Маркина Наталья Геннадьевна, Нурпеисова Ирина Васильевна «Педагогикалық қарым-қатынастың қиындықтары» тақырыбында, Дубовская Эльвина Геннадьевна, Рахметжанова Зайда Төлегенқызы - «Дербес педагогикалық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында Work-shop ұйымдастырды.