ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Басқару мәдениетін жетілдіру
09-12-2022 11:06
Басқару мәдениетін жетілдіру

Павлодар қаласы Аманжол Шамкенов атындағы лицей-мектебінде 2022 жылғы 8 желтоқсанда директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мектебінің кезекті отырысы «Тиімді сабақты жоспарлау және талдау» тақырыбында практикалық сессия форматында өтті, оған қаланың барлық мектептері директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты - тиімді сабақты жоспарлау және талдау ерекшеліктерін, тиімді және нәтижелі оқытудың құралы болатын оны талдау критерийлерін қарастыру.

Мұғалімнің қызметін аттестаттау мен бағалаудың жаңа тәсілдері жағдайында сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырудағы мектептердің әдістемелік қызметтерінің рөлі маңызды. Бүгінгі таңда бақылау міндеттерінен сабақты бірлесіп жоспарлау және оны бағалаудың тиімділігін арттыру міндеттеріне ауыса отырып, мектептегі басқару процесіне директордың орынбасары рөліне көзқарастарды өзгерту өзекті болып табылады.

Фасилитацияланған сессия аясында модераторлар мектептің педагог-шеберлері Айдарханова Ирина Ивановна, Казкенова Гүлнара Еркінқызы, Демиденко Инна Анатольевна, Довгаленко Ирина Васильевна, Чайковская Елена Леонидовна қатысушылармен заманауи сабақты жоспарлауға қойылатын талаптарды пысықтады, топтық қызметте тиімді және нәтижелі оқытуға арналған құралдарды әзірледі.

Тренинг элементтерімен коучинг барысында мұғалім-шебер Айдарханова Ирина Ивановна, оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Чикунова Людмила Анатольевна, оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Сагитова Сания Асқарқызы қатысушыларды сабақты бағалаудың оңтайлы критерийлерімен таныстырып, практикалық ұсыныстар берді.

Семинар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, жоғары баға берді. Директорлардың орынбасарлары оқыту сапасын арттыру бойынша практикалық жұмыста пайдалану үшін практикалық құралдар алды. Бұл бағыттағы жұмыс педагогикалық ұжымдарда жалғастырылатын болады.