ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып сабақтарындағы тиімді әдістер мен амалдар
09-01-2023 08:50
Бастауыш сынып сабақтарындағы тиімді әдістер мен амалдар

   Оқушыларды оқытудың заманауи әдістерін қолдану, білімдерін тереңдету, сабақта қолданылатын әдістерді көрсету мақсатында «Тиімді амалдармен әдістер-сапалы сабақтың кепілі»атты семинар - коучинг өткізілді. Семинар № 26 жалпы білім беретін мектепте өтті. Семинарды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік тілде оқытатын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 60-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

   Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы сабақтарда тиімді амалдармен әдістерді қолданудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол білім беру - оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені екенін атап өтті. Әлемдік тәжірибеде қолданылатын көптеген технологияларды қала педагогтеріөз тәжірибелерінде тиімді пайдаланады. Мұғалімнің жұмыс тәжірибесі, жоғары біліктілігі, жан-жақты ізденісі, жұмыс формаларын өзгертуі, сабақты қызықты өткізуі арқасында оқушылардың пән бойынша үлгеріміне қол жеткізіледі.

   № 26 оқу-тәрбие мектебі директорының орынбасары Байгабулова Анар Кәрімқызы соңғы 5 жылдағы мемлекеттік тілде оқитын бастауыш сыныптардағы жетістіктері туралы айтып берді. Бастауыш сынып мұғалімі Кымбат Жұмадірқызы Каткенова «Бірлескен орта құрудағы топтарға ұтымды бөлу әдістері»тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Мұсабаева Жұлдыз Серікқызы «Үй тапсырмасын тексеру кезінде қолданылатын әдістер»тақырыбында сөз сөйледі, Нұрғалиева Арайлым Дарханқызы«Жаңа сабақ - мектептегі оқу үдерісінұйымдастырудың негізгі нысаны», Теміржан Арайлым Болатқызы «Сабақты қорытындылаудың тиімді тәсілдері»тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мектеп психологіЖазира Пішембайқызы Омарханова «Оқушылар үлгерімі төмендігінің себебі және психологиялық көмек көрсету әдістері»тақырыбында сөз сөйледі.

   Семинарда қатысушылар өздерінің практикалық жұмыс тәжірибесін толықтырды, жұмыста әрі қарай пайдалану үшін сабақтардың тиімді амалдары және әдістерімен танысты.