Павлодар қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласы Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде «Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құрлдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 40-қа жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Семинарда мектеп директоры Тургульдинова Ирина Жәкенқызы мектеп педагогтарының цифрлық білім беру қызметінің қызметі туралы, мектеп басшысының орынбасары Шарипова Сарбиназ Мергенбайқызы жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша семинар бағдарламасын таныстырды.
ұстаздар өздерінің тиімді тәжірибесімен бөлісті. Еспосынова Асель Сиязханова «Қазақ тілі пәнінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда мобильді қосымшаны тиімді қолдану» тақырыбында мобильді қосымша қалай жұмыс жасайтынын, ондағы тапсырмалар жүйесі мен видео материалдарды, суретті тапсырмалар мен электронды тест тапсырмаларын қалай жасауға болатынын көрсетті. Муханова Әсем Рамазанқызы «Қазақ тілі сабағында «Tarsia» әдісін қолдану, Сыздықова Армангүл Мухтарқызы «Белсенді әдістер арқылы кері байланыс кезеңдерін ұйымдастыру» wordwall қосымшасы бойынша сабақты түрлі белсенді әдістер арқылы кері байланыс кезеңдерін көрсетсе, Жұмабева Әлия Сәбитқызы Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесін оқытуда «мағыналы оқылым» технологиясы, Рахимова Айжан Сүлейменқызы «Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын ояту – өмірдің басты талабы» тақырыбында орыс сыныптарында бастауыш сынып оқушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жасалған іс шаралар мен жұмыстардың видео, суреттер галереясын, кітап көрмесін, ата-аналармен бірге кітап оқу, дебат, блиц-турнир сайыстары мен қазақ ертегілерінің сахналық қойылымын көрсетті. Семинар барысында технологиялар іс жүзінде қолдынылып мұғалімдер тарапынан көптеген идеялар мен жағымды пікірлер айтылды.Семинар модераторы қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Алибаева Зарина Серікқызы болды. Іс шара қорытындысын «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы жүзеге асырылды. Педагогикалық тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге қалалық білім беру бөлімінің сертификаттары табысталды.