ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру
16-01-2023 09:42
Жас педагогтердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде «Өз қалауы бойынша белсенді педагог» семинар-практикумы өткізілді. Мақсаты - жас педагогтердің оқытуда белсенді әдістерін, формативті бағалау, рефлексия әдістерін қолдануға ынтасын арттыру, білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде бастауыш мектеп пәндері бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орыс тілінде оқытатын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 50-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарда мектеп басшысы Татьяна Алексеевна Мигунова жас әріптестерін құттықтап, жемісті жұмыс тіледі. Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы мектепте жас мамандардың қалыптасу кезеңінде қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол мектеп әкімшілігі, тәлімгерлер жас әріптестеріне мектеп ортасына бейімделуге, кәсіби дағдыларын дамытуға көмектесетінін атап өтті. Мектеп басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шкрет Екатерина Николаевна жас мамандардың қатысуымен «Speed-dating» форматында тренинг өткізді.

Семинар-практикумда мектептің жас мамандары сөз сөйледі. Бастауыш сынып мұғалімі Мауытова Карина Ержанқызы қатысушылармен «Сауаттылық сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру құралы ретінде белсенді әдістер», Фоменко Юлия Юрьевна «Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру құралы ретінде ойын технологиялары», Бейфус Виктория Валерьевна «Мотивацияны жаратылыстану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту құралы ретінде қалыптастыру», Ерденова Снежана Вячеславовна «Формативті бағалау әлемді тану сабақтарында оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыру құралы ретінде», Черных Ольга Вячеславовна «Шығармашылық қабілеттерін дамыту баланың жеке басын қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.

Мектептің тәлімгерлері, мұғалім-зерттеушілер өз тәжірибелерін ұсынды. Устина Наталья Анатольевна «Бастауыш сынып оқушыларының рефлексивті дағдыларын дамытуға арналған «Педагогикалық шеберхана» технологиясының мүмкіндіктері» тақырыбында, Антошина Накия Кенесбаевна «Сыни ойлау әдеби оқу сабақтарында soft skills икемді дағдысы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.

Қатысушыларға жұмыста әрі қарай пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар берілді.