ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдардың табысты тәжірибелері
17-01-2023 11:34
Мектепке дейінгі ұйымдардың табысты тәжірибелері

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2023 жылғы 13 қаңтарда № 96 сәбилер бақшасы - «Радуга» даму орталығы базасында дене шынықтыру және жүзу жөніндегі нұсқаушыларға арналған «Денсаулық сақтау технологияларын қолданып, тәрбиеленушілердің қозғалыстың негізгі түрлерін меңгеруі арқылы дене шынықтыру сапасы мен қимыл белсенділігіндегі қажеттілікті дамыту» атты қалалық практикаға бағдарланған семинар өткізді. Қала балабақшаларының 30-дан астам педагогтері қатысты.

Семинар «Тәжірибенің ашық алаңы» форматында өтті. Теориялық блокте Павлодар қаоасы білім беру бөлімінің әдіскері Н. К. Нургалиева мектепке дейінгі балалардың 2022 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дене шынықтыру сапасын қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелерінің аясын көрсетті.

Семинардың практикалық блогінде педагогтер төмендегі жұмыс тәжірибелерін ұсынды: Вербовая А. В., № 3 сәбилер бақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы «Pop-Tubes элементтері бар квест-ойын арқылы балалардың дене шынықтыру бойынша ұйымдастыру әрекетіне деген қызығушылықтарын көтеру», Дыбцева О. Н., № 96 сәбилер бақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы «Мектепке дейінгі балалардың дене және моральдық-еріктік қасиеттерін ойын әдісімен дамыту», Демидович Лариса Ивановна, № 96 сәбилер бақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы «Коммуникативтік билер арқылы мектепке дейінгі балалардың дене және психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту», Ирклиенко Надежда Ивановна, № 115 сәбилер бақшасы жүзу жөніндегі нұсқаушысы «Жүзу сабақтарында бала ағзасын шынықтыру және нығайту».