ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасы өтуде
30-01-2023 10:10
Павлодарлық оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасы өтуде

Бүгін Ж. Тәшенев атындағы мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II кезеңінің қалалық кезеңі басталды. Мақсаты - теориялық және практикалық білім бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Кезеңге Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сыныптарының 731 оқушысы қатысады.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі. Ағылшын тілі бойынша ең көп қатысушы - 93 оқушы, Қазақстан тарихы - 82, география - 68.

       Олимпиада 2023 жылғы 30 қаңтар - 3 ақпан аралығында өтеді, олимпиада қорытындысы 6 ақпанда «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сайтында «Пәндік олимпиада 2022 - 2023» бөлімінде жарияланады.

        Олимпиада электрондық форматта, веб-камераларды, прокторинг жүйесін қолдана отырып компьютерлерде, өткізудің әрбір нүктесінде онлайн трансляция арқылы өткізіледі.

        Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады, I орын алған оқушылар ақпан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.