ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Асық атудан Еуразиялық кубоктың жеңімпазы
09-02-2023 09:14
Асық атудан Еуразиялық кубоктың жеңімпазы

Асық ату мен тоғызқұмалақтан өткен халықаралық жарысқа Павлодар облысынан 6 спортшы өз елінің намысын қорғап, 3 медальді жеңіп алды. «Қазақстан-1» құрама командасының құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі Хуан Қалибек болды.

Жарыс 2023 жылдың 3 ақпанында Түркияның Анталия қаласында өтті. Қазақстан, Қырғыстан, Германия, Чехия, Румыния, Түркия ойыншылары қатысты.

Ойын оңай болған жоқ, жеңімпаздар соңғы сәтте анықталды. Осыған қарамастан, асық атудан жаттықтырушы Хуан Қалибек Қырғыстан ойыншыларынан озып I орынды жеңіп алды. Қалибек Қуан Павлодар облысының «Алтын сақа» асық ату федерациясының басшысы болып табылады, «Қазақстан-1» командасының құрамында жарысқа қатысып, жеңімпаз атанды.

- Асық атудан жаттықтырушылар өз міндеттерін лайықты қорғады. Біз жаһандық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатқанымызға қуаныштымыз, - деді Қалибек Хуан.