ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Айтыстың облыстық кезеңіндегі қала мектептерінің жас ақындарының жетістіктері
10-02-2023 10:07
Айтыстың облыстық кезеңіндегі қала мектептерінің жас ақындарының жетістіктері

   «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық айтысының облыстық кезеңіне 2023 жылғы 9 ақпанда жас ақындар, қалалық, аудандық кезеңдердің жүлдегерлері, оның ішінде № 7, 33, А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей, Қ. Бекхожин атындағы мектептердің 4 оқушысы қатысты. Ұйымдастырушы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

   Ережеге сәйкес байқау «Тақырыптық айтыс» бағытында өткізілді - онда оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның шығармашылық қызметі кезеңіндегі елдегі тарихи оқиғаларды жырлады. Өлеңнің идеялары мен тақырыптары ақынның шығармаларына сәйкес және өзекті болуы керек және «Қайым айтыс» бағытында - негізгі шарт - айтысты бастаған өлеңнің екі жолына  екіншісі жауап қайтару   керек. Айтыста қатысушылардың поэтикалық қабілеттері, импровизация жасау, тақырыпты ашу, шешендік, орындаушылық шеберлігі ескерілді.

  Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 4 қатысушысынан 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды, 1 оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды.

   «Тақырыптық айтыс» бағытында II орынды №7 мектептің 10 сынып оқушысы Ошал Мадина, III орынды Қ. Бекхожин атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар иеленді, Құрмет грамотасымен №33 мектептің 8 сынып оқушысы Қажет Еркеш марапатталды.

   «Қайым айтыс» бағытында А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр I орын алды.

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім басқармасының түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.