Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың білім беру жетістіктерінің сапасын бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар
27-02-2023 08:36
Оқушылардың білім беру жетістіктерінің сапасын бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар

2023 жылғы 23 ақпанда № 25 мектепте оқушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындықта жаңа әдістемелерді практикалық қолдану мақсатында «Оқушылардың білім беру жетістіктерінің сапасын бағалау шеңберінде тапсырмалар жасау» атты қалалық семинар-коучинг өтті. Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілінде оқытатын 50-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы модератор болды. Ол өз сөзінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи тәсілдер арқылы оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу мәселелеріне тоқталды. № 25 мектеп директорының орынбасары Зарина Нұрланқызы Исабаева «Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау және талдау» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен алмасты. Мектеп психологі Қадырханова Риза Қадырханқызы оқушыларға психологиялық қолдау көрсету әдістемесімен бөлісті.

№ 29 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Зәуреш Айтмұханқызы Мұхамеджанова қазақ тілі сабағында ОББЖ дайындық жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері туралы айтып берді. Бастауыш сынып мұғалімдері Бибінұр Рымбекқызы Есен, Бақтыгүл Сағындыққызы Ысқақов коучингте оқу процесін ұйымдастыру және ОББЖ тесттерін дайындау шарттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарда қала мұғалімдері тест құрастырумен, сабақта тесттерге дайындық жұмыстарымен танысты және педагогикалық тәжірибелерін толықтырды.