ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2024» кәсіби калалық байқауы туралы
17-01-2024 11:28
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2024» кәсіби калалық байқауы туралы

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі»  ММ әдістемелік кабинетінің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес 2024 жылдың 1 ақпаны мен 6 наурызы аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2024» республикалық конкурсының жыл сайынғы қалалық кезеңі өтеді.

Мақсаты - мектепке дейінгі ұйым педагогінің оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық қызметті ынталандыру.

Байқау екі кезенде өткізіледі. 2024 жылдың ақпан айында I іріктеу кезеңі «Педагогикалық портфолио» аясында конкурстық материалдарға сараптама жүргізіледі. II кезеңінде практикалық қызмет процесінде «Педагогикалық ізденіс» конкурсанттардың кәсіби құзыреттілігін бағалау мақсатында шеберлік-сыныптары өткізілетін болады.

Балалармен ұйымдастырылған іс-шаралар қалалық мектепке дейінгі ұйымның базасында өткізіледі, байқауды ұйымдастыру комитеті көрсеткен тақырып бойынша байқауға жас санаты бар қатысушы таңдалады.

Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады: гран-при, 1,2,3 орындар және «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық» номинация бойынша бір жеңімпаз.

 Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі Ұстаздар күніне арналған қалалық мереке аясында өтеді.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі