Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығы және кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруының 28-жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалінің қорытындылары бойынша мектеп оқушылары арасында № 37 ЖОМ вокалдық тобы гран-при, № 14 ЖОМ оқушысы Станислав Баранов І дәрежелі диплом, Жетекші ЖОМ оқушысы Жаксылық Әділет ІІ орын және № 16 мектеп-лицейінің вокалдық дуэті ІІІ орын иегерлері атанды. Байқау жеңімпаздары және жүлдегерлері кубоктармен, қатысушылар фестиваль лауреаты дипломдарымен марапатталды.
2017 жылғы 11 ақпанда «Достық» концерт залында Павлодар қаласының мектеп және колледж оқушылары арасында әскери-патриоттық әндер фестивалінің финалдық байқауы өткізілді. Байқауға 70 қатысушы қатысқан болатын. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер және «Десант ағайындары» қоғамдық бірлестігі шақырылды.
Фестиваль Павлодар қаласының жергілікті соғыс және Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық қоры және Павлодар облысы Білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп өткізілді.