ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Заманауи сабақ - 2017» интернет-фестивалі
22-02-2017 03:18
«Заманауи сабақ - 2017» интернет-фестивалі

Педагогикалық еңбектерін ынталандыру үшін, қала мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау мақсатында Павлодар қаласының  білім беру бөлімі жыл сайын «Заманауи сабақ - 2017» интернет-фестиваль сайысын қашықтықтан өткізеді. №7 ЖОМ базасында сабақтардың сараптамасы  өткізіліп, сайыстың қорытындысы шығарылды. Сайысқа қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, шет тілі, бастауыш мектеп, технология, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, АӘД, өзін-өзі тану мен психология, логопед пәндері бойынша сабақ жоспарлары ұсынылды.

Сайыскерлер саны жылдан жылға өсуде, жаңа жеңімпаздардың есімдері анықталып жатыр. Павлодар қаласының  39 мектебінен сайысқа 335 сабақ ұсынылды. Алқалы мәжілісте қорытынды шешім бойынша әр бағыттағы жеңімпаздар анықталды. Жүлдегер мен жеңімпаздар атағына 154  педагог иеленді.

I орын иегерлері № 15 ЖОМ, № 26 ЖОМ логопедтері Т. А. Прокопенко, Ю. А. Пшенко, № 32 ЖОМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Ә. Ж. Уныйбаева,  № 37 ЖОМ,  «Стикс» мектебінің информатика пән мұғалімдері З. Т. Саметова, А. В. Вендерских, № 41 ЖОМ АӘД пән мұғалімі Р. Ж. Капаров, № 28 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімдері С. И. Давыдова, Г. И. Кобец,  № 13 ЖОМ,  № 29 ЖОМ, № 28 ЖОМ физика пәнінің мұғалімдері Е. В. Лысенко, Г. К. Хасенова, О. В. Сероокая, № 34 ЖОМ, № 39 ЖОМ экономика пәнінің мұғалімдері  Ж. Ш. Кашкирова, Е. В. Немченко, № 13 ЖОМ технология пәнінің мұғалімі Е. И. Сакирко, № 4 ЖОМ музыка мұғалімі Т. С. Петрова, Жетекші ЖОМ география мұғалімі И. А. Малахова, № 4, № 6, № 20, № 29, № 39 биология пәнінің мұғалімдері А. В. Выгузова, Е. Н. Стоянова, Ж. К. Молдабекова, Н. Г. Маркина, Е. В. Лаврентий, № 20, № 28 ЖОМ математика мұғалімдері Ж. К. Кабышева, Т. И. Харитонович, Е. В. Куликова, № 26 ЖОМ орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі А. В. Резник, № 1 ЖОМ, № 4, № 28 ЖОМ, № 34 ЖОМ,  № 40 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері А. К. Сейтова, А. А. Молдагельдинова, К. И. Левицкая, Е. В. Гордеева, Н. И. Цыгулева, № 17 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі  Л. С. Овчарова, № 13, № 17, № 27 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімдері И. Е. Оспанова, С. М. Ельшибаева, Г.С. Жумабекова,  № 13, № 26, № 28, № 30, Кенжекөл ЖОМ тарих пәнінің мұғалімдері  Л. Ж. Аскарова, А. С. Шахметова, О. А. Сапонова, Б. Б. Накупова, Г. К. Кульжанов. Ең көп жүлделі орын алған мектептер № 13 ЖОМ (10 орын),   № 34 ЖОМ (9),  № 7 ЖОМ (8),  № 29 ЖОМ (8),  № 39 ЖОМ (8),  № 28 ЖОМ (7), № 11 ЖОМ (6),  № 25 ЖОМ  (6),  № 40 ЖОМ (6).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталады.Үздік жұмыстар Павлодар қаласы білім беру бөліміндегі әдістемелік кабинеттің жинағына енгізіледі.