Наурыз мейрамының қарсаңында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің педагогикалық еңбек ардагерлері № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебіне шақырылды. Бөлім басшысы Г. Ш. Қадырбаева ардагерлерді Наурыз мерекесімен құттықтап, қала мектептерінің оқу-материалдық базасын күшейтуге бағытталған жұмыстары туралы, дарынды балалармен жұмыс жасау туралы, білім беру саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып кетті.
Қонақтарға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды, бірқатар ардагерлер осы мектептің қалыптасуына өз үлестерін қосты, сондықтан болып жатқан өзгерістерге, жаңадан ашылған робототехника, шахмат кабинеттеріне риза болды. Концерттік бағдарламада педагогтар Наузыр мерекесінің тарихы мен оның маңызы туралы да айтып кетті. Ардагерлерге сәуір айында болатын Б. Аюхановтың балет труппасының концертіне билет және сыйлықтар табысталды.