ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Наурызды бірге қарсы алдық
24-03-2017 10:44
Наурызды бірге қарсы алдық

Кенжекөл аулы балалар музыкалық мектебінде Кенжекөл аулының ауылдық кітапханасымен бірге 2017 жылғы 17 наурызда көңілді және әсерлі түрде «Наурызды қарсы аламыз» мерекесі өткізілді. Мерекеге ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, ауылдың құрметті адамдары, әкімдік өкілдері шақырылды. Іс-шара қонақтармен сәлемдесу және «Шашу» мерекелік салтымен басталды.

Мереке қатысушылары көрермендер назарына қазақ халқының «Келін түсіру» және «Тұсау кесу» ұллтық салт дәстүрлерін көрсетті. Ұлттық киім-кешек және ұлттық тағамдар, әр түрлі халықтардың билері мен қазақтың «Қара жорға» биі сайына, мектеп оқушылары арасындағы өлеңдер оқуларына ерекше қызығушылық танытты. Барлық қонақтар назарына көктем туралы әндер, билер орындалды, сондай ақ ойындар мен қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар кітап көрмесі өткізілді, балалар көрме кітаптары арқылы қазақ халқының салт-дүстүрімен танысты, әдемі суреттерді тамашалады, қазақ ұллтық тағамдарының рецептімен танысты. Мереке барлық қонақтардың көңілінен шығып, шабыт сыйлады.