ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1-4 сынып оқушыларының ХІІІ қалалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар туралы
27-03-2017 09:01

         Қалалық білім беру бөлімі 2017 жылғы 31 наурызда сағат 10.00 - 14.00 аралығында №16 мектепте 1 - 4 сынып оқушыларының ХІІІ қалалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді.

           Қорытынды кезеңінің бағдарламасы:

9.30-10.00 ашылу рәсімі.

10.05.-12.00 - байқау аясында жобаларды қорғау.

12.30 -13.00 -концерттік бағдарлама

13.15.-14.15 -жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі.

Конкурска қатысатын оқушылар құрамы:

1сыныптан - 4 оқушы

2 сыныптан - 39 оқушы

3 сыныптан - 19 оқушы

4 сыныптан - 34 оқушы

         39 қала мектептерінен 192 тапсырыс қабылданған жұмыстардан 96 ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстар қорғауға жіберілді.

        Конкурсқа қатысушылардың зертттеу тақырыбы ретінде өнер, табиғат, ғылым әлемі алынды. Ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар қорғауы 14 бағытта өтеді:

       «Экология және СӨС», «Тіл білімі», «Математика, физика», «Әлемдегі барлық нәрсеу туралы», «Қызық әлемде», «Өз қолымен», «Шеберлер әлемі», «Денсаулықтың құпиялары», «Өлкетану және тарих», «Жануарлар және өсімдіктер», «Ғажайып калейдоскоп», «Шеберлі қол», «Мектеп өрнегі», «Кемпірқосақ жаңалықтары».

          Өте өзекті тақырыптар мен зерттеулердің қызықты мақсаттары таңдалды. Жас мөлшеріне қарамастан балалардың дайындығы өте таңғылықты. Зертттеудегі әртүрлі көзқарастар мен мазмұны күрделі. Жобаларды қорғау әртүрлі қалыптарда: қарапайым әңгімеден практикалық тәжірибе өткізуге дейін қамтылған.

      Төменгі буын оқушыларының жобалары өте қызықты және олардың жұмыстары дұрыс тамақтану мәселесімен, адамның өсімдіктерімен және жануарлармен ара қатынасы, облысымыздың таңбасы нені білдіреді екендігін, оқулықтарымыздағы кірме сөздер жайлы, мектеп кабинеттерінің гигиенасы, болашақ мектебі, қол өнері, ата – тектердің шығу тарихы, географиялық атаулар, өсімдік түрлерін өсіруге қатысты көзқарастардың өзгешелігімен ерекшеленеді.

       Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды сараптауға және қазылар алқасының жұмысына жоғары оқу орындар мен колледждердің профессорлық - оқытушылық құрамы тартылды: Иновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар педагогикалық колледжі, білім беру бөлімінің мамандары.

    Сайыстың барлық қатысушылары мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Телефоны: 320144, 326965.

                                                                         Павлодар қаласының білім беру бөлімі