ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Педагогикалық кеңестің үздік бағдарламасы
29-03-2017 03:14
Педагогикалық кеңестің үздік бағдарламасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Педагогикалық кеңестің үздік бағдарламасы»  конкурсын алғаш рет өткізді. Конкурстың мақсаты – басқарушылық мәдениетті арттыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық тәжірибені тарату. Конкурсқа 18 мектептің 25 директор орынбасарлары, № 2 көркемсурет мектебінің директор орынбасары, № 28 балабақшаның әдіскері, қатысушылар педагогикалық кеңестің 18 бағдарламасын ұсынды.  Әділқазы мүшелері Ресей әлеуметтік және ғылым академиясының мүшесі Н.П. Сеременко, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова,  «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Б.Ж. Әутәліпова,  білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы мен білім беру бөлімінің әдіскерлері К. Т. Әлімова, Ш.Ш. Қайырғазина, № 42 ЖОМ директоры И.Ж. Төргелдинова, № 34 ЖОМ директор орынбасары Т.А. Савченко болды.

Сараптама комиссия мүшелерінің шығарған қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бас жүлдеге «Жүйелі мониторинг және сабақ барысында бағалау мен уақтылы білімді түзету шарты ретінде кері байланысты жүзеге асыру» тақырыбымен № 16 ЖОМ директор орынбасарлары О.Д. Казакова мен С. А. Медеуова, І орынға «Оқушылардың оқу – танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру факторы ретінде критериалды бағалау» бағдарламасымен  И.Ю. Юрчик және «Білім беру мазмұнының жаңартылуы – болашаққа көзқарас» бағдарламасымен  С.А. Бойченко, № 11 ЖОМ, № 13 ЖОМ директор орынбасарлары, ІІ орынға «Көптілді білім берудегі инновациялық тәсілдер» бағдарламасымен № 39 ЖОМ директор орынбасары М.Х. Түлкібекова, ІІІ орынға «Кәсіби мұғалім, ол қандай?» бағдарламасымен № 42 ЖОМ директор орынбасары Б.М. Ақышева, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «жаңа сапалы білім беру жүйесінің сипаттамасы ретінде оқушылардың функционалды сауаттылығы» бағдарламасымен № 9 ЖОМ директор орынбасары Е.В. Мұратхожина ие болды.

Конкурс білім беру сапасын тиімді басқару үшін білім беру мазмұнын жаңарту бойынша инновациялық тәжірибе жұмысын анықтауға мүмкіндік берді. Педагогикалық кеңес бағдарламасында № 16 ЖОМ директор орынбасарлары педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізудегі жаңа формаларды қолдануды көрсетті. Дайындық барысында сертификатталған мұғалімдердің коучинг пен ашық сабақтарын өткізу, «Мектеп бағасы» атты оқушылармен сауалнама жүргізу ұсынылды. Оптималды бағалау парақтары құрастырылды, «Педагогикалық ойлар аукционы» іскерлік ойындары қолданылды, фокус - топтар жұмысы ұйымдастырылды. Конкурстың жеңімпаздары облыстық «Педагогикалық кеңестің үздік бағдарламасы» конкурсына қатысады.