Павлодар қаласы орта білім беру мектептерінің оқушылары ата-аналарымен, мұғалімдерімен бірлесіп, Павлодар қаласының мейірімділер клубы еркінділерінің қайырымдылық науқанын қолдады. Пластикалық бөтелке қақпағын жинау науқаны 2017 жылдың 6 ақпанынан басталды. Акцияның мақсаты - қайта өңдеуден өтетін қақпақ жинау, олардан жиналған ақша ауру баланың жеке есеп шотына аударылады. Ұраны: «Қақпақ көп болған сайын,ауру бала азаяды!».
Қайырымды науқанды бірінші болып ата-аналар қолдап, № 17 ЖОМ оқушылары мен ата-аналар қоғамдастығы қақпақты белсенді тапсыра бастады. № 24 ЖОМ оқушылары сынып бойынша мониторинг өткізіп, күн сайын ақпараттық қабырғаға орналастырып отырды. Мектеп оқушыларында салауатты жарыс рухы пайда болып, 6 күнде 15780 қақпақ жиналды, салмағы 38 кг болды.
Науқан қорытындысы бойынша белсенді сыныптарды мектеп жиынында атап өтеді, ал ең белсенді оқушылар волонтерлермен марапатталады. Науқан жалғасуда.