ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушының әлеуметтік жобасы
21-04-2017 09:19
Оқушының әлеуметтік жобасы

«Жас Ұлан» балалар мен жастар ұйымдарының көшбасшысы №20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Байгожина Сабина қашықтан халықаралық шығармашылық «Art Авангард» атты  байқауына қатысып, «Балалар зерттеулері және ғылыми жұмыстары мен жобалар» номинациясы бойынша ІІ орын жүлдегері атанды.

Сабина өзінің шығармашылық әлеуетін кеңінен ашып, беделді қазылар алқасының лайықты бағасына ие болды. Ол байқауға жастардың, адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарын  қалыптастыруға бағытталған сұрақтарды қарастыратын «Мәдениеттер тоғысында» атты әлеуметтік жобасын ұсынған болатын.

Жобаның негізгі идеясы қазақ қоғамының ұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды тарту және елде тұратын барлық этностардың ерекшелігін сақтап, отбасы адамгершілік негіздерін нығайтуға мүмкіндік беріп, Республика аймағында рухани-мәдениет күнін енгізу туралы оқушының ұсынысы болды.

Сайыскерлер мен әділ қазылар алқасы Ресей, Беларусь, Қазақстан, Украина, Литва, Чехиядан болды.