ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеңістің сыңғырлаған дауысы
25-04-2017 05:41
Жеңістің сыңғырлаған дауысы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің үрмелі аспаптар бөлімінің оқушылары Латиф Хамиди атындағы ІІ халықаралық конкурсына қатысты. Конкурс 2017 жылғы 19-21 сәуір аралығында Семей қаласында өтті.

Конкурс қорытындылары бойынша музыка мектебінің 6 және 5 сынып оқушылары Қайыржан Архат және Домарь Эдуард І дәрежелі дипломант атанды. Оқушыларды дайындаған педагог Олег Леонтьевич Гонтовой «Орта жас ерекшелік топта 45 конкурсқа қатысушы болғанына қарамастан, біздің балалар жеңіске жетті», - деді. Биылғы жылы конкурсқа 500 аса бала қатысты. Біздің оқушылар өнер көрсеткен оркестр бөлімі номинациясында қазылар алқасының төрелігімен екі шығарма ұсынылды, олардың бірі қазақ халық музыкасы негізінде құрылған  Г.Метакса, Р. Сабиров  қазақстандық композиторларының пьесасы болды.

Қазылар алқасы, үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының аға оқытушысы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның докторанты Олеся Викторовна Нестерова павлодарлық үрмелі аспаптарда орындаушылардың техникалық дайындық деңгейінің жоғары, жарқын, қызықты бағдарлама екенін атап өтті.